Уақыт белдеуі ауысады: Енді тәулікте 23 сағат болады ма?
Депутат Дәулет Мұқаев өзінің инстаграм парақшасына келген хатты жазба ретінде жариялады. Онда оқырман уақыт белдеуіне қатысты сұрақ қойған.
– Дәулет мырза, қайырлы түн! Айыпқа бұйырмаңызшы, бір сұрақ маза бермей тұр. 1 наурыз сағат ауысады. Минус 1 сағат дегенді оқып қалдым. Сонда 23 сағат болғалы жатыр ма, 1 сағат қайда кетті?, – деген сұрақ жолдаған.
Блогер бұл сұраққа "сағат тілі автоматты түрде ауысады. 24 сағат 24 сағат болып қала береді" деп жауап қайырды.
Айта кетейік, Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. 19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекітті.
Осылайша 1 наурыз сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытуға тиіс.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024