Жаңалықтар
Жамбыл облысында аудандық полиция бөлімінің тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді
- author AR-AY
- 30 қаңтар, 2024
- 492
Жамбыл облысында аудандық полиция бөлімінің тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге Шу аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Arainfo тілшісі.
Ол қылмыстық істі тергеп-тексеруді оңайлатылған тәртіппен аяқтау үшін 500 мың теңге алған. Күдікті кінәсын толық мойындады. Тергеу жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.