Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ежелгі «Талас жазуында» не сыр бар?

Ежелгі  «Талас жазуында»  не сыр бар?
ашық дереккөз
Ежелгі «Талас жазуында» не сыр бар?
Қасиетті Тараз өңірі – сонау ежелгі замандардан бері адамдардың мекеніне жайлы қоныс болып келе жатқан киелі аймақ. Бұл жерден қаншама тарихи құндылыққа толы мұралар табылды десеңізші?! Соның ішінде менің айтқым келіп отырғаны, осы өңірден табылған ортағасырлық руна жазуы жазылған дөңгелек тастар туралы. Олардың саны бесеу еді. Ең алғаш сол тастарды 1896 жылы Әулиеата әкімі, тарихтың жанашыры, тарихи ескерткіштерді қорғауда ерен еңбек еткен полковник В.А.Каллаур болатын. Ол тастарды Әулиеата қаласына әкеліп, осында археологиялық тарихи музей ашу тұрғысында сақтаған екен. Бірақ кейіннен орталықтың ғалымдары оларды Петербургке, Эрмитажға алып кетіпті. Мен осы уақытқа дейін «Сол тастарда не жазылды, Күлтегіндердің аудармасы шыққанда олардың аудармасы ғылыми айналымда неге жоқ?» деп таңғалып жүрдім. Жай жүрмей, іздестіріп жүрдім. «Іздеген жетер мұратқа» дегендей, ақыры түркітанушы, филология ғылымдарының докторы С.Е.Маловтың жазбаларынан таптым. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген П.К.Коковцев, В.В.Радлов, К.Г.Залеман, Н.К.Оркун, Ю.Немат сияқты ғалымдар бүкіл Орхон-Енисей алқабынан табылған балбал тастарды аударып, ғылыми айналымға енгізіп тастағанда тек осы Талас жазуы ғана жоқ болып шықты. Сөйтсем, С.Е.Маловтың айтуы бойынша, Талас жазуында Орхон-Енисейдегі түркі әріптерінен бөлек, ғылым тіліне белгісіз әріптер кездесіпті. Міне, осылайша ғалымдар ұзақ жылдар бойы аудара алмай әбігерге түскен екен. Кейіннен бұл әріптердің сириялық әріптер екені анықталып, мұндағы түркілер сириялық әріптермен түркі әріптерін араластырып қолданған альфавит деген қорытынды жасайды. Сонда да С.Е. Малов өзінің аудармасын жасап шығарады. Бірақ өзіне нақты сенімді болмағандықтан кеткен қателіктер болса алдын ала кешірім сұрап та қояды. Осы орайда мен сол аудармаларды «AR-AI» газетінің оқырмандарымен бөлісуді жөн көрдім. С.Е.Маловтың аудармаларының кей жерлерінде қиыс кеткенін байқауға болады. Десек те мен бұларды жазбада қалай тұрса, солай өзгертпестен жолдап отырмын. Бір қызығы, осыдан 1500 жыл бұрын жазылған көне түркі жазуын қазір де өзіміздің тілімізде еш қиындықсыз түсіне алатынымыз еді. Яғни қазақ тілі көне тіліміздің қарашаңырағы екенін ұғынғандаймын. Арамызда көне түркі тілін білетін мамандар болса, аудармасын жасап береді деп ойлаймын. 1-тастағы жазу: Айыртам шатқалындағы Қалба сайынан табылған. 1) Атызым ітіп ер атым Удун(а) сізе. 2) Катуны (а) ақырарынта тулы (а) калмыш (а). 3) інілері (а) Кара барс (а), Оқул барс (а). 4) Өзінте (?) ішінке им (?). Орысша аудармасы: 1) Устроив свои владения (?), мое геройское имя Удун, от вас (отделился, т.е. умер). 2) Жена его в печали своей осталос вдовой. 3) Его младшие братья: Кара барс и Огул барс. 4) в отнешении свойх товарищей (отделился). 2-тастағы жазу: Талас даласы, Алтай бай аймағынан табылған. 1) Отуз оқлан сақдычлары иічін (а) жеті ігірма (а). 2) Атым Қара чур аиақ аты Қар (а) иазмаз. 3) Алтын елім ібіре кіза сіңіл ақыт(т)м (?). 4) Қара чур (а) тум кула қара иазмаз (а). 5) Қара чур (алтмыс ның өзге?) үжаларына адрылмыш (а). 6) Ебліг аты Тучажан оқлы аты Қара чур. 7) Оқлы аты Ақулт (?), оқураты (а). Орысша аудармасы: 1) Верные друзья «Тридцати огланов-юношей». В год Обезьяны, семнадцатого числа. 2) Мое имя «Черный чур», почетное имя «Снег не распустит» (или «Черту (финиш) не пропустит». 3) Нижнее (?) мое государство обходя и проезжая, я допустил появиться красным и белым пятнам (на лице). 4) «Черный чур»-«Совершенно гнедой».... «Не распускабщий снег» (?). 5) "Черный чур"..... от свойх родственников отделился (т.е. умер). 6) Имя жены Тучаян, имя сына «Черный чур» 7) имя сына его Агулт (?). 3-тастағы жазу: 1) Тасына, осына улаты бардым. 2) Бег чура оқул асуқ (ачық). 3) (адрылты)м оқлы улаты калмыш(а) кара тулы (а) калмыш. 4) қныкс Орысша аудармасы: 1) Я непрерывно ходил (походом) за границу и внутри государство. 2) Я, Бег-чур сын, от выгод и благ (мира отделился). 3) Сын его, наследуя, остался. 4) Печальная вдова осталось. 4-тастағы жазу: 1) Оқурмыш (или Оқрамыш) (а) катун ақлажып өчі (а) сізе. 2) Умач оқлы (а) іт берт (а) өрүн күміс.... ү..... лдқ... 3) іа іт берт (а) қум т. ы. н. ілі көл берт (а) с. ұбс. Орысша аудармасы: 1) Разбитая горем княгина рыдает, старшая бабушка, в отношении вас. 2) Сын ее Умач.... дары.... блестящее серебро..... 3)...... дары.... дары... С.Е.Маловтың «Маңғолия мен Қырғыз жеріндегі жазулар тарихы» кітабы. 1952 жыл. Ленинград.

Асылжан ДУЛАТИ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

ҚЫБЫРАЙ  БИ
Алдыңғы мақала
ҚЫБЫРАЙ БИ

Ұқсас жаңалықтар