Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандағы такси қызметі ТМД бойынша ең қымбат болып шықты

Қазақстандағы такси қызметі ТМД бойынша ең қымбат болып шықты
ашық дереккөз
Қазақстандағы такси қызметі ТМД бойынша ең қымбат болып шықты
2023 жылғы желтоқсанда такси бағасы өткен жылмен салыстырғанда 9,1% қымбаттады. Бұл туралы Еnergyprom.kz хабарлады. Өңірлер бойынша бағаның өскенін, әсіресе, Алматы тұрғындары сезді. Себебі онда такси бағасы бір жылда 30,3% қымбаттаған. Екінші және үшінші орындарда 22,1 және 17%-бен Ақтөбе мен Абай облыстары тұр. Такси бағасы айтарлықтай қымбаттамаған өңір – Маңғыстау облысы (1,2%). Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында баға бұрынғыша қалған. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы бір жылда 17%, 5,9 млрд теңгеге дейін артқан. Осы кезеңде такси қызметін 47,4 млн адам пайдаланды. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2% төмен. Жолаушы айналымы 44%, 1,4 млрд шақырымға дейін қысқарған. Қаңтар-қараша аралығында такси қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 751,9 млн теңгеге жетті. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш 495,1 млн теңге еді. Инвестицияның жылдық өсімі 51,8% болып тұр. Ең көп инвестиция Алматы облысына (360,6 млн теңге) құйылды. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,9 есе көп. Қазақстандағы өңір үлесі – 48%. Numbeo дерегінше, биыл 15 қаңтардағы жағдай бойынша стандарт тарифпен 1 шақырымға жүруді есептегенде, ең қымбат такси бағасы Швейцария (4,63 доллар), Люксембург (3,29 доллар) пен Кувейттте (3,25 доллар) тіркелген. Қазақстандағы такси құны 0,61 доллар болды. Бұл – ТМД елдері ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Әзербайжанда стандарт тарифпен 1 шақырым жол жүру – 0,59 доллар, Ресейде – 0,34 доллар, Украинада – 0,32 доллар, Беларусияда – 0,31 доллар, Армения мен Өзбекстанда – 0,3 доллар.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар