Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы белгілі болды
Теннистен әйелдер арасында 14-18 қаңтарда өтетін Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді. Е.Рыбакина алғашқы айналымда жеребеге сәйкес әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі. Одан өтсе, испаниялық Кристина Буча немесе ресейлік Анна Блинкованың біреуімен жолығады.
Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Хобарт жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дмитрий Попко Буэнос-Айрес турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Келесі мақала