Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

13 жасар бала әлемде бірінші болып Тетристің соңына дейін жетті

13 жасар бала әлемде бірінші болып Тетристің соңына дейін жетті
ашық дереккөз
13 жасар бала әлемде бірінші болып Тетристің соңына дейін жетті
Америкалық мектеп оқушысы инженер Алексей Пожитнов ойлап тапқаннан кейін 40 жыл өткенде әйгілі кеңестік «Тетрис» бейнеойынының соңғы деңгейін аяқтаған тарихтағы бірінші адам болды. Arainfo.kz тілшісі бұл туралы ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды. 
Оклахома штатының 13 жасар тұрғыны Уиллис Гибсон өзінің YouTube арнасында ойынның 157-деңгейіне өткен сәтін жариялады, онда ойын экраны қатып қалған. 157-деңгейге жету үшін Уиллиске небәрі 38 минут қажет болды, бұл — блоктар енді құламайтын және экран қатып қалатын соңғы деңгей.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар