Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЖЕЛТОҚСАН ЖАУҚАЗЫНДАРЫ»

«ЖЕЛТОҚСАН ЖАУҚАЗЫНДАРЫ»
ашық дереккөз
«ЖЕЛТОҚСАН ЖАУҚАЗЫНДАРЫ»
Кеше «Анаға тағзым» орталығында Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан жауқазындары» тақырыбында іс-шара өтті. 1986 жылы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған боздақтарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру, тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру, ұлттық сана-сезімін, саяси сауаттылығын ояту мақсатында өткен іс-шараға желтоқсаншылармен қатар студенттер және зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызды бір минут үнсіз еске алумен басталып, әрмен қарай «Ерке сылқым» би үйірмесінің «Аққу» биімен жалғасты. Ал «Қазына» ұлттық аспаптар үйірмесінің жетекшісі, айтыскер ақын Дидар Басықарев өз арнауын айтты. Содан кейін сөз алған облыстық «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Кеншінбеков жастарға тәуелсіздіктің қымбат екенін, кешегі ерлікпен көз жұмған Қайрат, Ербол, Сәбира сияқты тұлғалар мәңгі ұмытылмайтынын, олардың рухына тағзым ету жастардың парызы екенін баса айтты. – Біз егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білеміз. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды. Өрімдей қыз-жігіттердің қанымен келген тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында егеменді ел атандық. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны анық, – деді Талғат Дүкенбайұлы. Ары қарай Желтоқсан көтерілісіне байланысты жазылған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар