Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Прокуратура – құқық қорғау органдарының түпқазығы

Прокуратура – құқық қорғау органдарының түпқазығы
ашық дереккөз
Прокуратура – құқық қорғау органдарының түпқазығы
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүріп өткен жолы тәуелсіз еліміздің қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі, осыдан 32 жыл бұрын 1991 жылы 6 желтоқсанда «Қазақ ССР-нің прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін қалыптастыру, олардың тәуелсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылданғанда таң қалмаған пенде қалмады. Осы күннің құрметіне күнтізбеге – прокуратура органдарын қалыптастыру күні атты жаңа мереке пайда болды. Прокуратура органдары елімізде заңдылық пен құқықтың ұлықтылығын қамтамасыз етуде, әділетті қоғам құруда мемлекеттік биліктің маңызды элементтерінің біріне айналды. Әрбір прокурордың басты міндеті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету болды және болып қала береді. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құзіреті шегінде құрылған, Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттіліктерін жүзеге асыруда комитеттің алатын орны ерекше. Прокуратура органдарының бір бөлігі бола отырып, біздің Комитет мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, арнайы есепке алуды жүргізу, ақпараттық-аналитикалық қызметті жүзеге асыра отырып, ортақ іске өз үлесін қосуда. Комитет құрылғанынан бастап құқықтық статистиканы қалыптастыру, осы салада арнайы есепке алу мен бақылау және қадағалау функцияларын үйлестіру арқылы мемлекетті қылмыстық жағдайдың жай-күйі туралы және қылмыстық қудалау органдары мен соттың қылмыстық іс жүргізуінің сандық және сапалық көрсеткіштері, мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ең сенімді ақпаратпен жүйелі түрде қамтамасыз етуде. Прокуратураның халық үшін үнемі ашық және қолжетімді болуы, өтініштердің жан-жақты әрі сапалы қаралуы, бұзылған құқықты жедел түрде қалпына келтірілуі әрине, прокурорлардың ереулі еңбегінің жемісі. Прокуратура органдары қызметкерлерінің жоғарғы кәсіпқойлығы, олардың өз ісіне адалдығы, кез келген заңбұзушылыққа төзбеушіл көзқарасы және жауапкершілігі азаматтарға Заңның үстемдігіне деген сенімін сақтауға көмектеседі. Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері! Бұл мереке – заңдылықтың, заң жолындағы әділдіктің, құқықтық мемлекет қалыптастыру және оның салтанат құруы жолымен байланысты. Осы жолда әрқайсысыңыз жоғары отаншылдық рух пен терең кәсіби біліктілігіңізді шыңдап, бар күш-жігерлеріңізді Қазақстанның одан әрі өркендеуіне жұмсайтындарыңызға сенемін. Кәсіби мереке қарсаңында әрбір қызметкерге қажымас қайрат, жігерлі рух, отбасыларына шаттық, береке-бірлік пен бақыт тілеймін. Тәуелсіз ел аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын қызметіміз толағай табыстарға толы болсын!   Секер БҮРКІТБАЕВ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар