Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасын салу жоспарлануда – Е. Қарашөкеев

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасын салу жоспарлануда – Е. Қарашөкеев
ашық дереккөз
Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 13 су қоймасын салу жоспарлануда – Е. Қарашөкеев
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Астанада өткен брифинг барысында өңірдегі суармалы сумен қамтамасыз ету бағытындағы атақарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Жаңадан салынуы көзделген су қоймаларының жалпы сыймдылығы 46,2 млн. текше метр құрайды. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 1,4 млн текше метр болатын 3 су қойманың құрылысы жүруде. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Жасоркен ауылындағы гидрологиялық бекеттің және қолданыстағы 2 су қойманың (650 млн текше метр) жөндеу жұмыстары жалғасуда. Облыстың алты ауданында су инфрақұрылымдық нысандарын жөндеу жұмыстары жүзеге асуда. 2027 жылға қарай халықаралық қаржы институттарының қаржылық қолдауымен ұзындығы 876 шақырым және суармалы алаңы 69 мың га алқапты құрайтын 361 су шаруашылығы нысаны қайта жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған. Вегетациялық кезеңде су тапшылығы орын алатын аудандарда жер асты суларын пайдалануға басымдық беріліп, ұңғымалар қазу жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда 103 ұңғыма іске қосылған, пайдаланылуда десек, тағы 543 ұңғыма қазу көзделген. Жүргізіліп жатқан жұмыстар вегетациялық кезеңде трансшекаралық су көздеріне тәуелділікті 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар