Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қысқа-нұсқа

Қысқа-нұсқа
ашық дереккөз
Қысқа-нұсқа
Картаңызға ешқандай ақша түспейді «Facebook»-те ҚР Президентінің суреті бар жыл соңына дейін әрбір қазақстандықтың картасына 150 мың теңгеден түсетіні туралы пост жарияланды. Бұл – фейк. Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, оның ішінде ҚР Президентінің «akorda.kz» сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да хабарланбады. Аталған ақпаратты жариялаған «Өтемақы орталығы» деп аталатын аккаунтта фейк парақшаның барлық белгілері байқалады. Профильде келтірілген мәліметтерде +52 коды бар байланыс телефоны жазылған, бұл Мексиканың коды. Ал суретке Қазақстанның Елтаңбасы қойылған. Бірақ жарияланымдар лентасында оның орнында бұрын Беларусь Республикасының елтаңбасы болғанын көруге болады. Бұл киберқылмыскерлердің әрекеті. «Өтемақы орталығы» арқылы өтемақы төлеу – бұл ескі алаяқтық схема, ҚР Мемлекеттік техникалық қызметінің KZ-CERT сарапшылары ол туралы 2020 жылы қазақстандықтарға ескерткен болатын. Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн. Сенатордың фейк жарнамасы «Facebook»-те ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова «аз ақша жұмсап, 550 мың теңге табуға» мүмкіндік беретін жобаны ашқаны туралы айтқан видео жарияланған. Бұл – фейк. Бұл жарнамада төрт жыл бұрын «Хабар 24» телеарнасында шыққан «История в лицах» бағдарламасының үзіндісі қолданылған. Бірғаным Әйтімова сұхбат барысында өз жұмысы және Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу жылдары туралы баяндайды. Ол жеке инвестициялық жоба туралы айтқан жоқ. Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнероликте бағдарламаның кадрлары пайдаланылып, жалған дауыспен дыбысталған. Мұқият қарасаңыз, дыбыс пен артикуляцияның сәйкес келмейтінін байқауға болады. Сондай-ақ роликте бейне пікір монтаждалған, онда бір қыз «жобаға» қатысқанын және табыс тапқанын айтады. Оның сөздері де күдік тудырады. Ол алдын ала дайындалған мәтінді оқып, Бірғаным Әйтімованың тегін қате айтады, ол оны «Гүлнара» деп атап, «Telegram»-дағы арнаға жазылуға шақырады. Демек, таралған видеоға сенбеген жөн. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Қазақстан қай орында? 23 желтоқсанда біраз медиа «Қазақстан тұрғын үй бағасының қолжетімділігі бойынша 33-орында екені» туралы ақпарат таратты. Материалдарда еліміздегі тұрғын үйге қолжетімділік көрсеткішінің «айтарлықтай жақсы» екені жазылған. «Factcheck.kz» ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрді. Біріншіден, қазақстандық сайттар «finprom.kz» рейтингіне, ал «Finprom Numbeo» ресурсына сілтеген. Бірақ «Numbeo» рейтингінің методологиясы күмәнді. Екіншіден, рейтингте әлемдегі барлық ел қамтылмаған, тек 113 ел көрсетілген. Оның үсттіне «Numbeo» сайтындағы (елдер, қала жайлы, азық-түлік, тұрғын үй және т.б.) ақпаратты кез келген қолданушы өзгерте алатынын ескеру қажет. Ресурстың деректері сауалнама арқылы жиналады. Рейтинг неге күмәнді? Біріншіден, рейтингте отбасыдағы бір жылдық жалақы есептелген. «Numbeo» бұл ақпаратты сауалнама арқылы жинаған. Мысалы, Қазақстанға қатысты деректерді өзгертуді кейінгі 12 айдың өзінде 435 адам 4 837 рет ұсынған. Нақты неше рет өзгергені белгісіз. Ал Қазақстандағы салықтан кейінгі «таза табыс» 208 мың теңге деп көрсетілген. Екіншіден, қала ортасындағы және шетіндегі бағалар бойынша 90 шаршы метрлік үйлер зерттелген. Яғни бұл жерде барлық адамның 90 шаршы метр үйді сатып алмайтынын ескерудің өзі жеткілікті. Үшіншіден, рейтингте халық табысы адамдардың пәтер сатып алу қабілеттілігіне әсер ететін негізгі фактор делінген. Яғни пәтер құны мен отбасының орташа жылдық табысына негізделген. Бұл тұста Қазақстанда орташа жалақы жыл сайын өскенімен ел тұрғындарының шынайы табысын көрсетпейтінін ескеру қажет. Бұл кем дегенде сатып алу қабілетін көрсете алмайды. Бұдан бөлек теңге бағамын долларға шаққанда халық табысы азайып жатқанын ескеру де керек. Статистика бюросының дерегінше, 2022 жылы қарашада 2021 жылдың қарашасымен салыстырғанда пәтер бағасы 26,9 пайызға, жаңа тұрғын үйдің бағасы 17,3 пайызға өсті. Ал пәтерді жалға алу төлемі 48,6 пайызға өсті. «Factcheck.kz» бұған дейін де «Numbeo» ресурсының деректері күмәнді екенін бірнеше рет жазған. Жасұлан Сейілханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар