Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЗЕРЕК ҰСТАЗДАР» АНЫҚТАЛДЫ

«ЗЕРЕК ҰСТАЗДАР» АНЫҚТАЛДЫ
ашық дереккөз
«ЗЕРЕК ҰСТАЗДАР» АНЫҚТАЛДЫ
Математика пәні мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, құзыреттілігін арттыру, кәсіби шеберлігінің дамуына ықпал ету мақсатында Алматы қаласында математика пәні мұғалімдері арасында «Зерек ұстаз» республикалық шығармашылық байқауы өтті. Білім бәсекесінде облысымыздың намысын қорғаған математика пәнінің мұғалімдері жүлделі I, II, III орындарды иеленіп, жеңімпаз атанды. Байқауда жалпы 10 педагог жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, І орынды және 50 мың теңге қаржылай сыйлықты Тараз қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Айбек Мұратбаев, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназияның математика пәнінің мұғалімі Бауыржан Кеңесов және №125 «EDUCATION» орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Жаңабаев иеленді. Ал жүлделі ІI орынды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Жомарт Рысбаев, облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Наурызбай Серікбаев жеңіп алды. Байқаудың ІII орнын облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Сержан Таубаев, №125 «EDUCATION» орта мектебінің математика пәнінің мұғалімдері Асланбек Қалыбай және Тимур Артықбаев иеленді. Сонымен қатар Қордай ауданындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Гүлнар Рзахметова мен №32 В.Маяковский атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Жанар Өтеубаева ІII орын иегері атанып, абыроймен облысқа оралды. Айжан Өзбекова
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар