Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
ашық дереккөз
ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Қаратау қаласында қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Әділбай Дастанды еске алуға арналған 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында дзюдодан облыстық ашық турнир жалауын желбіретті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Талас ауданыны4 әкімі Нұрбол Жүнісбеков арнайы қатысты. «Баршаңызды бейбіт күннің батыры Әділбай Дастанды еске алуға арналған дзюдо күресінен облыстық ашық турнирдің салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Әділбай Дастан кешегі дүрбелеңде өз өмірін қатерге тігіп, бүлікшілердің жолын бөгеді. Оның сын сағаттағы батылдығы, кәсіби іс әрекеті мен жасаған ерлігі көпке үлгі болып қалмақ», деді аудан басшысы. Айта кетейік, жасөспірім татами шеберлері 38 келі, 42 келі, 46 келі, 50 келі, 55 келі, 60 келі, 66 келі, 73 келі және +73 келі салмақта жүлделерді сарапқа салған болатын. Жарысқа Қырғыз Республикасы, Түркістан облысы және Тараз қаласы, сондай-ақ, Түлкібас, Байзақ, Т.Рысқұлов, Жуалы, Жамбыл, Сарысу, Талас аудандарынан 250-ге жуық спортшы өнер көрсеткен болатын. Жеңіс тұғырынан көрінген балуандар ақшалай сыйақымен, арнайы медальмен марапатталды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар