Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАР ІСКЕ АСУДА

ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАР  ІСКЕ АСУДА
ашық дереккөз
ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАР ІСКЕ АСУДА
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов мемлекеттік қызметтегі соңғы өзгерістер туралы айтты. Ол жоғары оқу орындарын (GPA 3,33-тен жоғары) үздік бітірген түлектерді аудандық және ауылдық деңгейлерде төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындау бойынша енгізілген мүмкіндік мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету жөніндегі Агенттік қабылдаған шаралардың бірі екенін айтты. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының 63 түлегі өңірлерде аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалды. Тағы бір жаңашылдыққа сәйкес, Агенттік келісімі бойынша конкурссыз «Б» корпусының басшы лауазымдарына тікелей тағайындаулар көзделген. Оны іске асыру нәтижесінде Агенттікпен осындай 188 тағайындау келісілді. Бұл жеке сектордың білікті және салалық тәжірибесі бар мамандары. Мемлекеттік қызметтен «шығу» тәртібі де жеңілдетілді. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес екі тоқсан қатарынан қанағаттанарлықсыз баға алған мемлекеттік қызметші лауазымынан төмендетілуі, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – атқарып отырған лауазымынан босатылуы мүмкін. Өз кезегінде, қатарынан 4 тоқсан бойы жоғары баға алған қызметшілерді келесі тұрған жоғары лауазымға ауысу тәртібімен тікелей тағайындау мүмкіндігі қарастырылған. Брифингте мемлекеттік қызметке іріктеуді онлайн режимде жүргізуді қамтамасыз ететін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жаңғырту жұмысы туралы ақпарат берілді. Мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасы 1 наурыздан бастап 6 мемлекеттік органда іске асырылуда. Бұл үміткерлерге әлемнің кез келген нүктесінен және кез келген уақытта мемлекеттік қызметке іріктеу процесіне қатысуға мүмкіндік береді. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар