ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ЖАМБЫЛДЫҚТАР да АТСАЛЫСТЫ
Жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде «Дүниежүзілік тазалық күні» атты экологиялық акция өтеді. Жамбылдықтар да аталған экоқозғалыстан қапы қалмай белсене қатысты. 2008 жылы эстониялықтар бастаған науқанға, Қазақстанды қоса алғанда, биыл шамамен 180 ел қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға және тазалық сақтауға шақыру, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтына, дербес экологиялық ізді азайтуға және тұрақты дамуға назар аудару.
Облыс бойынша биылғы акцияға 10 мыңнан астам мемлекеттік орган қызметкері, 2 000 ерікті және 3 148 облыс тұрғыны қатысып, 552,04 гектар жер тазаланып, 973,552 тонна қоқыс шығарылды. Оның ішінде 70 тонна шыны, 45 тонна пластик, 5 тонна резеңке, 200 тонна қағаз қайта өңдеуге жіберілді. Сондай-ақ 122 ағаш отырғызылды.
Сонымен қатар қасиетті нысандарды тазалау мақсатында «Айша бибі» кесенесінің аумағында «Kieli tabigat» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Аяулым Жаманқара
Келесі мақала