Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде ат спортының жаңа түрі пайда болды

Елімізде ат спортының жаңа түрі пайда болды
ашық дереккөз
Елімізде ат спортының жаңа түрі пайда болды
'- Қазақстанда әлемде теңдесі жоқ ұзақ қашықтықтарға арналған ат спортының мүлдем жаңа түрі - Жорық пайда болды. Бұл - алғаш рет 2022 жылы өткен «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің нәтижесі, деп хабарлайды Arainfo.kz сайтының тілшісі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстанда тай-бәйге, құнан-бәйге, аламан бәйге, жорға бәйге секілді ат жарысының бірнеше түрі белгілі. Алайда, олардың біреуі де Жорық сияқты ұзақ қашықтыққа созылмайды. 2022 жылы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алғаш маусымы өтті. Бұл оқиға ат спорты әлеміндегі нағыз жаңалық болды. Бірінші марафонның қашықтығы - 1 200 шақырым. Оның қашықтығы мен қиындығына қарамастан, 95 тұлпардың 26-сы ойдағыдай мәреге жетті. Бұл жетістік Жорықтың өміршеңдігін дәлелдеп, әлемдік ат спортына өзіндік жаңашылдық енгізіп отыр. Моңғолияда осындай ат марафоны өткізілетіні белгілі. Алайда, онда қашықтық - 1 000 шақырым. Бұл ретте әр 40 шақырым сайын жылқы ауыстырылып отыратынын ескерген жөн. Ал біздің жағдайда марафон қашықтығының жартысы - 650 шақырымнан кейін бір рет қана ат ауыстырыу рұқсат етіледі. Бұл тағы бір мәрте қазақ жылқыларының ерекше төзімділігін растайды. Қазақстанда Жорық биыл ерекше назар аударуға лайық. Себебі, бұл маусымда қашықтық 1 300 шақырым болады. Шабандоздар Астанадан Түркістанға дейінгі бағытты 14 күн ішінде өтуі тиіс. Бұл міндетті аз уақыт ішінде орындап шығатын команда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің абсолютті жеңімпазы атанады. «Ұлы дала жорығы-2023» марафон-бәйгесінің маусымы 3 күннен кейін - 6 қыркүйекте сағат 14:00-де Қаражар (Ильинка) ауылында басталады. Бұл тек ат спорты жанкүйерлерінің ғана емес, сондай-ақ жаңа сын-тегеуріндер мен эмоцияларға құштар қазақстандықтардың да назарын өзіне аударатын тың оқиға болмақ.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар