Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫСТЫ ДАМЫТУдың МАҢЫЗЫ зор

МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫСТЫ ДАМЫТУдың МАҢЫЗЫ зор
ашық дереккөз
МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫСТЫ ДАМЫТУдың МАҢЫЗЫ зор
Жуырда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасында мобильді байланысты дамытудың өзекті мәселелері жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек және байланыс операторларының өкілдері баяндама жасады. Алдымен Асхат Елубайұлы мобильді байланысты дамыту бағытында министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Халық тарапынан мобильді интернетке қол жеткізу мәселесінің айрықша өзектілігін ескере отырып, министр Бағдат Мусин операторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен халық арасында ашық диалог ұйымдастыруды тапсырған болатын. Министрлік ел тұрғындарын байланыспен қамтамасыз етуге айтарлықтай кедергі келтіретін саланың іргелі мәселелерін шешу бойынша жұмыс жүргізуде. Байланыс сапасын арттыру мақсатында біз ҚР Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп сапасыз қызметтер көрсеткені үшін байланыс операторларына салынатын айыппұлды ұлғайту бөлігінде заңнамаға түзетулер әзірледік. Заңдағы өзгерістерге сәйкес, егер бұрын орнатудан бас тарту үшін келіспейтін бір адам жеткілікті болса, қазір пәтер иелерінің дауыс берген қатысушыларының жартысынан көбінің келісімімен базалық стансаны орнатуға келісім жинау рәсімі жеңілдетілді. Бұл операторларға еліміздің қалалары мен ауылдарындағы желілерді сапалы әрі жылдам кеңейтуге мүмкіндік береді. Азаматтардың интернеттің сапасы мен жылдамдығына қатысты мәселелерін назарға ала отырып, «E-otinish» порталының басты бетінде «Интернетке қатысты мәселелер» бөлімі пайда болды. Онда әрбір азамат тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік органға өз өтінішін қалдыра алады», деді вице-министр. Жалпы «GSMA Intelligence» деректері бойынша, 2022 жылдың соңында әлем бойынша бір абоненттің мобильді трафикті орташа тұтынуы 12 Гб-ні құраған. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 17,2 Гб-ға тең. Қазақстандықтар Сингапур, Түркия, Италия және басқа да көптеген елдердің тұрғындарына қарағанда көбірек интернет трафигін жұмсайды. 5G енгізуді есепке алмағанда, Қазақстанда мобильді трафик 2019 жылы 60 пайыздан, 2022 жылы 21 пайызға дейінгі қарқынмен өскен және бұл тренд жалғасуда. Осылайша 4G/5G мобильді желілеріне үлкен жүктеме түсуде. 2022 жылы ұялы байланыс операторларының абоненттері 4 398 петабайтты құрайтын мобильді деректерді тұтынған. Ал 2023 жылдың 6 айында 2 513 петабайтқа жеткен. Байланыс операторлары интернетті пайдаланудың мұндай жоғары деңгейі және трафиктің тұрақты өсу динамикасы ел мен қоғам үшін оң прогресс тенденцияларын көрсететініне сенімді. «Біз абонентке шаққандағы трафик көрсеткіштерінің өсіп жатқанын байқаудамыз және бұл жалғаса береді. Жалпы өзгермелі әлемдік үрдістерге ден қоя отырып, операторлар ретінде ел тұрғындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жұмысымыздың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Tele2/Altel желісінде трафиктің өсуі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 24 пайызды құрады. 5G технологиясын енгізе отырып, алдағы уақытта технологиялық өсуді көреміз, бұл елдің бизнесі үшін де, әрбір тұрғын үшін де – оқу, жұмыс істеу, коммуникация орнату, мазмұнды дүниелер жасау үшін жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашады. Интернеттің мүмкіндігін пайдаланған қазақстандық креативті мамандар әлемдік деңгейде танымал болып, еліміздің әлемдік аренадағы оң имиджіне өз үлестерін қосатынына сенімдіміз», деді «Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel)» Бас директоры Сергей Коньков. Ал «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі Бас директоры Нұрлан Мейірманов компанияның алдағы жоспарлары жайлы мәлімет берді. «Біздің компания еліміздің барлық қалалары мен елді мекендерінде интернет желісіне қосылған 1 миллион 750 үй шаруашылығына қызмет көрсетеді. Бізге қосылған абоненттер желілердің мынадай түрлерін қолданады: 800 мыңнан астам абонент GPON оптикалық желісі, 900 мыңға жуық абонент ADSL технологиясы негізінде қосылған. GPON технологиясының бір абоненті айына шамамен 316 ГБ тұтынады, ADSL технологиясының бір абоненті айына орта есеппен 205 ГБ тұтынады. Бұл үй шаруашылығындағы қалыпты орташа интернет тұтыну трафигі. Сонымен қатар, «Facebook», «Instagram», «WhatsАpp», «Google», «Youtube», «TikTok», «Netflix» және түрлі ойын қосымшалары барлық танымал әлеуметтік желілер мен мультимедиялық платформалар интернет трафиктің 75 пайызын қамтып отыр. Осы қызметтерге қол жеткізу сапасын жақсарту үшін біздің ұйым осы компаниялармен тікелей жұмыс істеп, интернет трафигіне қатысты локализациялау жұмыстарын жүргізеді. Қазақстанда локализацияланған ресурстардың жалпы көлемі секундына 4 теребитті құрайды. Біздің компания абоненттерді оптикалық желілерге ауыстыра отырып, мыс инфрақұрылымы негізінде ескірген ADSL технологиясын жаңартуға кірісті және 2024 жылдан бастап барлық қалалар бойынша ескі желілердегі абоненттерді көшіруді бастауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда 150 мыңға жуық үй шаруашылығы жаңа технологияларға өтті. Сондай-ақ біз мобильді интернет желісіне қол жеткізудің тағы бір ірі сегментін жаңғыртуға кірістік. 5G технологиясын енгізу – жиілік диапазонын 100 Мгц-ке дейін күрт арттыруға мүмкіндік береді. Яғни сапа жақсарады деген сөз. Сонымен қатар 1 ГГц-тен жоғары жиіліктерді пайдалану бізді әртүрлі физикалық кедергілер арқылы, әсіресе үй ішінде сигнал өткізгіштің толық тәуелділігіне әкелетінін түсіну керек. Ғимараттардың ішіне «Indoor» жабдықтарын немесе шағын ұяшықтарды орналастыру 5G технологиясының толық әлеуетін пайдалану үшін міндетті шарт болады. Яғни адамдар көп шоғырланатын ғимаратты салмастан бұрын сәулетшілер, қала жоспарлаушылары, құрылыс материалдарын өндірушілер, құрылыс, энергетика және тағы да басқа саласындағы реттеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар байланысқа кедергі болмайтын мәселелерді ескеретін болады», деді Н.Мейірманов. Брифингте баяндама жасаған басқа да байланыс операторларының өкілдері байланыс сапасын арттыру мақсатында қарқынды жұмыстарын жалғастыра беретінін жеткізді. Дайындаған Талғат НҰРХАНОВ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар