Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауыр жүк көліктері қара жолға залал келтіруде

Ауыр жүк көліктері қара жолға залал келтіруде
ашық дереккөз
Ауыр жүк көліктері қара жолға залал келтіруде
Бүгінде ауыр жүк көліктерінің кесірінен ел ішіндегі көптеген тас жолдардың айтарлықтай бөлігі жарамсыз күйге түсуде. Ал, қара жолға зақым келмеуі үшін жүк көлігінің салмағы 8 тоннадан аспауы тиіс. Жауаптылар тас жолдағы ауыр жүк көліктерінің қозғалысын қадағалауда ұстағанымен, тәртіпке бағынбайтын көлік иелері азаяр емес. Белгіленген тәртіпке мойынсұнбайтын жүргізушілерге құзырлы органдар айыппұлды аямай салғанымен, нәтиже көңіл көншітерлік емес. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» облыстық филиалының инженері Тойшыбай Әлиахметовтің сөзінше, өңір аумағында 3 жылжымалы көлік бақылау пунктері болғанымен, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Соның салдарынан облыстағы жолдардың сапасының нашарлауы жиі кездеседі. - Қазіргі таңда елімізде 400 мыңнан астам ауыр жүк көліктері бар. Ал, Жамбыл облысында 4 мыңға жуық самосвал көліктер қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда пайдаланылуда. Мәселен, «Нowo», «Shacman» және «Man» маркалы көліктердің жүк көтергіштері 25 тоннаны құрайды. Алайда, салмағы 15 тоннаға жуық көліктердегі жүк көлемі 40 тоннадан асып түседі. Осылайша, мұндағы жүктеме тиісті құжаттағы стандарттардан да жоғары, — дейді инженер Т.Әлиахметов. Айта кетейік, биылдан бастап орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу үшін жобалаушылардан жобалық-техникалық құжаттамаға жүктерді тасымалдау мақсатында салмағы 15 тоннадан артық емес жүк көліктерінің жүруін талап етілуде. Бұл өз кезегінде автожолдардағы ақаулардың алдын алып, тас жолдың тез тозуына тосқауыл болады деп күтілуде.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар