Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жапониядағы жеңіс

Жапониядағы жеңіс
ашық дереккөз
Жапониядағы жеңіс
Бүгінде жамбылдық жас дарындар қай бағыттан болса да өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеп келеді. Спорт, мәдениет, өнер, өнертапқыштық, қай сала болса да өңір жастары түрлі байқауларда топ жарып, облыс атын әлемге танытып жүр. Жақында 5-13 шілде аралығында Жапония мемлекетінің Тиба қаласында математикадан Халықаралық олимпиада (IMO) өтті.  Оған әлемнің 112 елінен 618 жас математик қатысты. Соның ішінде Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшесі ретінде облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Шарел Марғұлан қатысып, білім бәйгесінде сынға түсті. Халықаралық олимпиада нәтижесінде Шарел Марғұлан қола медаль иеленіп, жеңімпаз атанды. Айта кету керек, халықаралық математикалық олимпиададағы жеңіс жүлдегерлеріне ЖОО-ға конкурстан тыс негізде оқуға білім гранттары, сондай-ақ алтын медальға 1500 АЕК, күміс жүлдеге 1000 АЕК және қола медальға 500 АЕК көлемінде бірреттік сыйақы тағайындалады. Дарынды оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз және алдағы оқу жылында сәттілік, табыс тілейміз!
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар