Жаңалықтар
Таразда қоныс колониясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде
- author AR-AY
- 15 шілде, 2023
- 199
Таразда қоныс колониясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылғандарды қоғамға бейімдеудің төте жолы - оларды жұмыспен қамту. Бүгінде құзырлы органдар тарапынан бұл бағытта кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі (қоныс колониясы) жазасын өтеушілер құрылыс жұмыстарына тартылып, еңбек етуде. Тиісінше, оларға заң нормаларына сәйкес белгілі мөлшерде еңбекақы да төленуде.
Ерекше атап өту керек, сотты болған азаматтар жұмыспен қамтылып, қаражат табу арқылы мемлекет алдындағы берешегін өтеп, өз отбасыларына да қарайласуға мүмкіндік алған.