Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЖАСЫЛ ЕЛ» жастар жасағы кезекті маусымын бастады

«ЖАСЫЛ ЕЛ» жастар жасағы кезекті маусымын бастады
ашық дереккөз
«ЖАСЫЛ ЕЛ» жастар жасағы кезекті маусымын бастады
Жуырда облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Тұңғыш президент атындағы саябақта «Жасыл ел» еңбек жасақтарының маусымдық ашылу салтанатты іс-шарасы өтті. Айта кетсек, өңірде «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері табысты жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен жанданған еңбек жасақтары студенттерді маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсенді атсалысып келеді. Бүгінде еңбек жасақтарының сарбаздары айналаны көгалдандыруға, қала, аудан маңдары мен көшелерін тазартуға, спорттық кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға атсалысуда. Іс-шараның ашылу салтанатында облыс әкімі аппаратының әлеуметтік- саяси мониторинг бөлімінің басшысы Асылжан Құрманов еңбек жасақтарының сарбаздары мен қатысушыларына ыстық лебізін білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Мақсат Рахымбекұлы және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының командирі Ермек Алмасұлы сөз сөйлеп, жастарды қуаттандырды. Іс-шара соңында облысымызға белгілі әншілер патриоттық рухты әндер шырқаса, бишілер мың бұрала биледі.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар