Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«CHESS ХАНШАЙЫМЫ – TARAZ» ШАХМАТШЫ ҚЫЗДАР ШЕБЕРЛІК СЫНАСТЫ

«CHESS ХАНШАЙЫМЫ – TARAZ» ШАХМАТШЫ ҚЫЗДАР ШЕБЕРЛІК СЫНАСТЫ
ашық дереккөз
«CHESS ХАНШАЙЫМЫ – TARAZ» ШАХМАТШЫ ҚЫЗДАР ШЕБЕРЛІК СЫНАСТЫ
Жуырда облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында шахматтан турнир өтті. Турнирдің өтуіне «STAR 1» шахмат академиясы мен Тараз қаласы әкімдігінің спорт бөлімі қолдау көрсетті. Сайысқа 6 жастан 17 жасқа дейінгі қыздар қатысты. Жарыс барысында халықаралық гроссмейстер, шахматтан әйелдер арасында ҚР кубогінің жеңімпазы, әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Мадина Даулетбаевамен бір мезгілде ойын сеансы өтті. «Chess Ханшайымы – TARAZ» турнирінің 20 үздік қатысушы халықаралық гроссмейстермен ойнау мүмкіндігіне ие болды. – Іс-шара арқылы шахматты зияткерлік спорт түрі ретінде танымал етуді, балалар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуды, сондай-ақ жас шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыруды көздедік. Жарыстың жүлде қоры ретінде 200 000 теңге және 20 ынталандыру сыйлық әзірленді. Нәтижесінде І орынды Тараз қаласындағы №39 мектептің 3-сынып оқушысы Бибісара Абылайқызы олжаласа, ІІ орынды Тараз қаласындағы №40 гимназияның 6-сынып оқушысы Юлия Финько жеңіп алды. Ал ІІІ орын тұғырынан Меркі ауданынан келген 6-сынып оқушысы Камила Асланқызы көрінді. Сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданынан келген Айдана Рысқұл, тараздық Аиша Құралбек, меркілік Балнұр Әзімхан үздіктердің қатарынан табылды, – дейді облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева.

Қ.РАХМЕТУЛЛИНА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар