Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жемқорлықты жою – жалпыға ортақ міндет

Жемқорлықты жою – жалпыға ортақ міндет
ашық дереккөз
Жемқорлықты жою – жалпыға ортақ міндет
Сыбайлас жемқорлық – кез келген елдің өркендеп-дамуына кері әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі. Ол мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Осы жылдың 3 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізуге, құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды.
 Бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру және жемқорлық фактілеріне баратын жолдарды барынша азайту тұрғысынан тиісті жұмыстар жалғасатын болады.
Қаіргі таңда мекеме 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін  көрсетеді.   Соның ішінде «gosagro.kz» порталында субсидиялаудың негізгі түрлері бойынша өтінімдер 2023 жылдың ақпан айынан бастап қабылдануда.
«АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» фермерлерге субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімдерді беру, субсидияларды өңдеу және алудың бірыңғай «gosagro.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Басқармада  жеке және заңды    тұлғаларды   қабылдауда  кедергісіз және жайлы орын үшін  1-қабатта   бейнебақылау арқылы ашық кабинет қарастырылған. Сонымен қатар сенім телефоны (45-42-30, 45-55-32) жұмыс жасайды.
Басқарманың ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік,  сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету мақсатында ғимараттың ішінде көрнекі ақпараттар орнатылған. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша басшының және оның орынбасарларының кестесі бекітілген.
Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттердің дұрыстығын қамтамасыз етуде  басқарманың ресми сайтына барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары тізілімі көрсетілген.
Басқарма қоғаммен байланыс орнату мақсатында «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде парақшаларын ашып, атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардан түскен сұрақтарға дер кезінде жауаптар берілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын  болады.
Даниярхан МАХАМБЕТОВ, 
облыс әкімдігі  ауылшаруашылығы  басқармасының
 бас маманы
 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар