Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық студенттер республикалық турнирде жүлдегер атанды

Жамбылдық студенттер республикалық турнирде жүлдегер атанды
ашық дереккөз
Жамбылдық студенттер республикалық турнирде жүлдегер атанды
Жуырда Астана қаласында баскетболдан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы республикалық «Ұлттық студенттік лиганың» жалауы желбіреді. Байрақты бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген колледж студенттері бақ сынасып, 16 команда кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы болған турнирде Жамбыл облысының намысын қорғаған Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері жүлделі III орынды иеленді. Үздіктердің арасынан оза шауып, жүлдегерлер қатарынан көрінген команданы жаттықтырған Бекжан Батырбекұлы мен Руслан Бауыржанның да еңбегі атап өтуге тұрарлықтай. Бұған дейін де талай жарыста жасындай жарқылдап, облысымыздың абыройын асқақтатып жүрген Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің спортты серік еткен студенттерін, жаттықтырушыларын жарқын жеңісімен құттықтаймыз. Астана қаласынан жеңіспен оралған баскетболшы студенттерді Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Дүйсенбек Исахметұлы арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Колледж директоры студенттерге оқуда да, спортта да озат болып, әрдайым абырой биігінен түспеулеріне тілектестігін білдірді. [gallery columns="1" size="large" ids="13581,13582"]
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар