Жаңалықтар
ТМД-да интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан көш бастап тұр
- author AR-AY
- 19 мамыр, 2023
- 386
ТМД-да интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан көш бастап тұр
Интернет жылдамдығы бойынша рейтингте Қазақстан 11 сатыға жоғары көтеріліп, 72-орынға тұрақтады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Finprom-ға сілтеме жасап.
Қазақстан қазір ол жағынан ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр.
Рейтинг қорытындысы бойынша, Армения – 80-орында, Қырғызстан – 83-орында, Өзбекстан – 104-орында, Беларусь – 126-орында, Тәжікстан –129-орында.
Жалпы, Қазақстандағы интернет жылдамдығы бір жылда 47,9% артқан. Көрсеткіш 2022 жылдың сәуірінде секундына 20,7 мегабит болса, 2023 жылдың сәуірінде секундына 30,62 мегабитке дейін көбейген. Басқа елдермен салыстырғанда, айырмашылық айтарлықтай байқалады, - делінген хабарламада.Арменияда жылдамдық секундына 26,25 мегабитті, Қырғызстанда секундына 25,83 мегабитті, Өзбекстан мен Тәжікстанда секундына 20,9 және 11,38 мегабитті құрайды.
Келесі мақала
Нақты іс нәтижесіз болмайды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Республика күніне орай Шу қаласында жаңа су нысаны пайдалануға берілді
- авторAR-AY
- 25 қазан, 2025




