ЖАСТАРҒА 134 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
Ел Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, ағымдағы жылы жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру қаралып отыр. Осы мақсатта облыс бойынша 347 адамға 1735,0 млн.теңге көлемінде микрокредит беру жоспарлануда.
Бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Негізгі шарттары:
микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін);
микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.
Несие алушыларға микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең беріледі.
Микрокредит беру жұмыстары наурыз айынан басталып, бүгінгі күнге облыс жастарынан құны 1419,1 млн. теңгені құрайтын 309 жоба қабылданып отыр.
Сәуір айында өтініштерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның алғашқы отырыстары өткізіліп, құны 616,1 млн. теңгені құрайтын 134 жоба мақұлданды.
Облыс әкімдінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Келесі мақала