Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұстазымды ешқашан ұмытпаймын

Ұстазымды ешқашан ұмытпаймын
ашық дереккөз
Ұстазымды ешқашан ұмытпаймын
Адам баласы бұл өмірде өз орнын тауып, белгілі бір тұлға болып қалыптасуы үшін ілім-ғылым үйренуі қажет. Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар, қалан» деп өсиет еткендей қоғамның бір кірпіші болып қаланып, үлкен ғимараттың бір бөлшегіне, тірегіне айналу оңай емес. Сол секілді білім жолы да жеңіл емес. Бірақ жасыңда оқыған білімің, кейінгі өміріңде үлкен азық болары сөзсіз. Ал осы жолда бізді биікке жетелеп, құз басына шығаратын – ұлағатты ұстазымыз.  Ұстаз болу – он адамның біріне ғана бақ болып қонатын қасиетті іс. Білікті ұстаз – ертеңгі кемеңгер ұлттың жарқын айнасы. Болашақ елін, жерін қорғайтын ұрпақты тәрбиелуші жан. Дәл осы рухани ілімді меңгерудегі біздің аяулы ұстазымыз Сайра Сағынышқызы Нұрғалиева шәкірт тәрбиелеудегі ең алғашқы жұмысын 1996 жылы №13 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектепте бастаған. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен ұстаздық етеді. Жауапкершілігі мен өз жұмысына деген сүйіспеншілігінің арқасында көпке үлгі болып, ерекше көзге түскен. Өзіне жүктелген істі тыңғылықты орындайды. Әріптестері қызыға да, қызғана да қарайтындай маман. «Қазақ тілі – ұлттың тағдыры, еліміздің ана тілі» деп бізге үнемі айтып отырады. Ана тіліне деген құрметі соншалықты, сөз саптауына қайран қаламыз. Қазақтың ұмытылып бара жатқан көне сөздеріне жаңа дем беріп, ерекше үн қосады. Ұлы ақын Абайдың, мұзбалақ ақын Мұқағалидың шығармаларын сүйіп оқиды. Сол кісілердің нақыл сөздері мен даналық ойларын аузынан тастамайды. Өзінің бар білгенін, өмірден түйгенін бізбен бөлісіп отырады. Біздің жақсымызды асырып, жаманымызыды жасырып, қашанда бізге болысып, шырылдап жүреді. Әр оқушысын өз баласынан кем көрген емес. Шәкірттерінің болашағы үшін күні-түні сары уайымға салынып, бүгіні мен ертеңі үшін алаңдайды. Осындай жанашыр ұстазымның болғанына мақтанамын. Біз үшін салып берген дара жолыңыз үшін қарыздармыз. Адал атқарған шәкірт тәрбиелеудегі ұстаздық қызметіңіз бен ерен еңбегіңіз үшін басымды иіп, алғыс айтамын. Айша ӨМІРБАЙ, А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар