Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді

Мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді
ашық дереккөз
Мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді
ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің төрағасы әділет генерал-майоры Жанат Ешмағамбетов пен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың атына жазылған хатта өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген егде жастағы азаматтың перзенті ҚАЖ қызметкерлеріне алғысын білдірді. Ол өзінің хатында қант диабетімен ауыратын әкесіне қамқорлық танытқан мекеме әкімшілігіне ризашылығын жеткізген. «Әкем жаза өтеу мерзімі кезінде бірнеше рет ақ халаттылардың еңбегіне жүгінді. Оның себебі – денсаулығының күрт нашарлауы. Диагнозі – қант диабеті. №26 түзеу мекемесіндегі медициналық-санитарлық бөлімнің қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп, қол ұшын созды. Нәтижесінде, әкеме қажетті ота жасалып, денсаулығы түзеле бастады. Қазіргі таңда оның жағдайы бірқалыпты. Мекеме қызметкерлеріне рахмет айтамын», - делінген хатта.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар