Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыста иммундау апталығы басталды

Облыста иммундау апталығы басталды
ашық дереккөз
Облыста иммундау апталығы басталды
23 сәуірден бастап облыс аумағында бірыңғай иммундау апталығы өтіп жатыр. Аталған іс-шара осы айдың 29-ына дейін жалғасады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев пен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова айтты. Иммундау апталығының мақсаты – тұрғындарды вакцинациямен қамту деңгейін арттыру, баланың түрлі аурудан екпе егу арқылы қорғалуы қажеттігін халыққа түсіндіру. – Вакцинациялық профилактика 2006 жылдан бастап жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша Еуропа мен Орталық Азияда бір мезгілде өтеді. Биылғы иммундау апталығы «Ауқымды қуып жету иммунизациясы қажет!», «Әр дозаның маңызы бар!», «Вакцинация туралы айтыңыздар!» атты ұрандармен ұйымдастырылуда. Вакцинация – халықты жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуынан қорғаудың ең тиімді жолы. Ұлттық екпе егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде туберкулезге, В вирустық гепатитіне, полиомиелитке, көкжөтелге, сіреспе дифтериясына, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке, гемофильді және пневмококты инфекцияға қарсы вакцинация жүргізіледі, – деді Неили Орынбасарқызы. Е.Мұсабаевтың айтуынша, біздің елде қолданылатын барлық вакциналарды ДДҰ пайдалануға ұсынған және Қазақстанда тіркелген. – Республика аумағында тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған вакциналар пайдаланылады. Әрбір вакцина елге жеткізілген кезде тағы да бақылаудан өтеді. Облыс аумағында екпе алдындағы кезеңмен салыстырғанда екпеден кейінгі жағдай бойынша тұмау 89 пайызға, қызылша 90 пайызға, В вирусты гепатиті 99 пайызға, күл ауруы мен көкжөтел, қызамық, сіреспе, эпидемиялық паротит 100 пайызға төмендеп отыр, – деді Е.Мұсабаев. Сонымен қатар «Һибатулла Тарази» медресе колледжінің ұстазы Нұрсұлтан Зұлпықаров «Шариғат бойынша екпе алу дұрыс па?» деген сұраққа да жауап берді. Ол: «Екпе жасау қаншалықты пайдалы деген сұрақ қазіргі таңда ең көп талқыланып жатқан мәселе десек те болады. «Екпе жасау дұрыс емес» дейтіндердің кейбірі бұл қарсылығын шариғатпен байланыстырып жатады. Сондай қарсы тараптың көп қолданатын ұрандарының бірі – «ислам екпе жасатуға тыйым салады», «екпе жасату – тағдырға қарсы шығу». Ал медицина саласының мамандары ғылыми тәжірибелерге сүйеніп, екпе жасату дұрыс әрі қажетті шаруа дейді. Қасиетті Құранда һәм Пайғамбарымыздың сүннетінде вакцинацияға анық тыйым салынбаған», деді Нұрсұлтан Саржауұлы. Айта кету керек, өңірде еуропалық иммундау апталығын өткізу кезеңінде вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізіледі.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар