Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгердің сүйегі елге жеткізілді

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
ашық дереккөз
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
ІІ Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгер Ерғаш Претовтың сүйегі туған жеріне 80 жылдан соң жеткізіліп отыр. Ол 1943 жылы қаңтар айында Новгород облысындағы Мануйлов ауылының маңында жерленген болатын. Майдангердің сүйегі туған жері – Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында жер қойнына қайта тапсырылды. Бұған дейін 2020 жылы тағы бір қазақ жауынгерінің сүйегі Смоленск облысының Темкин ауданында іздеу-барлау экспедициясын жүргізу кезінде табылған болатын. 1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының сүйегі ІІ Дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында əскери бортпен Астана қаласының авиациялық базасына жеткізілген еді. Сол жылы Украинадағы «Вертикаль» мамандандырылған бірлестігі соғыс жылдарында Украина жерінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер Қайыржан Тікшекеев, Сеид Тойнашев пен Өксікбай Базарбаевтың сүйегін тапқан. Одан бұрын 1941 жылы Көкшетаудан соғысқа аттанып, 1942 жылдан бастап хабар-ошарсыз кеткен Абдулқасым Жаманбаевтың сүйегі Ленинград облысында табылған. Оның сүйегі де Көкшетауға жеткізілді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар