Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Министр биыл 5G желісі іске қосылады деп сендірді

Министр биыл 5G желісі іске қосылады деп сендірді
ашық дереккөз
Министр биыл 5G желісі іске қосылады деп сендірді
Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
2023 жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізу мен дамытуды жоспарлап отырмыз. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60% болады, - деді министр Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, 170 мыңнан астам үйді 5G интернетке қосу жоспарланып отыр. Айта кетейік, Қазақстанда 5G желісі былтыр іске қосылуы керек болған. Одан бөлек, Бағдат Мусин Қазақстанда интернет жылдамдығы неге төмендеп кеткенін түсіндірді. «Бүгінде цифрлық экономиканың, ойын-сауық контентінің өсуіне, бизнестің виртуалды байланысқа шығуына, яғни экономикалық қызметтің платформалық модельге көшуіне байланысты интернет-трафикті пайдалану қарқыны айтарлықтай өсіп жатыр. Коронавиус пандемиясынан бері Қазақстанда бұл көрсеткіш 1000 петабайтқа жетті. Осы уақыт ішінде елдегі интернет қолданушыларының саны – 90,9%», - деді министр. Бағдат Мусин бұл жағдай еліміздегі интернет жылдамдығына айтарлықтай әсерін тигізгенгенін айтты.
Интернет қолданушыларының саны ғана емес, олардың интернетте өткізетін уақыты да артып келеді. Бұл факторлар байланыс инфрақұрылымына жүктеменің артуының негізгі себебі болып саналады. Осыған байланысты біз базалық станцияларды ұлғайту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, салаға құйылатын инвестиция да жыл сайын төмендеп отыр. Бүгінде көрсеткіш 28% төмендеген (2020 жылы – 136 млрд теңге, 2021 жылы – 109 млрд теңге, 2022 жылы – 78 млрд теңге). Инвестициялық ахуал салаға кері әсерін тигізген. «Халықаралық бенчмарқа сүйенсек, АҚШ, Франция, Германия мемлекеттері байланыс саласына 10 млрд доллар инвестиция құйып жатыр. Ал Қазақстанда көрсеткіш тіпті, 200 млн долларға жетпейді. Бұл жағдайды ескеріп, президенттің тапсырмаларын сапалы орындау үшін «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы әзірленді», - деп түйіндеді сөзін Бағдат Мусин. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан қуатты деректер орталықтары мен трансшекаралық талшықты-оптикалық магистралі бар цифрлық хабқа айналуға тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 млрд теңге бөледі. Еске салайық, премьер-министр сапасыз интернет үшін министрге ескерту жасаған еді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар