Таразда ұлттық спорт ұлықталуда
Таразда 150-ден астам шабандоз қатысқан көкпар өтті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әлімсақтан бері ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан ұлттық спорт – көкпардың әрбір қазақ үшін алар орны ерекше. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы бері ұлттық ойынымыз қайта жанданып, жалпыхалықтық сипат алды.
Бүгінде тек ауылдықтар ғана емес, қала тұрғындары да көкпардың көрігін қыздыруда. Соның жарқын дәлелі – 16 сәуір күні «Құмшағал» алқабында қала тұрғындары арасында жаппай көкпар өткізіліп, 150-ден астам шабандоз қатысты. Аталған іс-шара әр жексенбі күні балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Осылайша тараздықтар ұлттық спортқа зор құрмет көрсетіп, жан-жақты насихаттауда",– делінген жазбада.
Келесі мақала