Мәжіліске ЖСДП атынан кімдер баратыны анықталды
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия парламентке өткен депутаттардың аты-жөнін жариялады, деп хабарлады саяси бірлестіктің баспасөз қызметі.
Саяси кеңестің шешімімен тізімге:
Нұрлан Әуесбаев – партияның елорда филиалының төрағасы;
Асхат Рахымжанов – партия төрағасы;
Ажар Сағындықова – Павлодар облысындағы ЖСДП штабының басшысы;
Наурыз Сайлаубай – Талдықорған жастар ресурстық орталығының басшысы енді.
Еске сала кетейік, Amanat парламенттегі орын саны бойынша көш бастап тұр – билеуші партия 40 мандатқа ие болды. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 8 мандат, Respublica мен "Ақ жол" демократиялық партиясы 6 мандаттан алды. Қазақстан халық партиясы (ҚХП) – 5 мандат.
19 наурызда мәжіліс сайлауы өтіп, дүйсенбі, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындысын шығарды.