Жемқорлыққа қарсы күрес — әр азаматтың борышы!

Жемқорлыққа қарсы күрес — әр азаматтың борышы!
Жемқорлыққа қарсы күрес — әр азаматтың борышы!

Елiмiздегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылықтарының бiрi ретiнде айқындалған. Өйткенi, сыбайлас жемқорлық елiмiздiң әлеуметтік-экономикалық дамуы мен кемел келешегiне айтарлықтай қауiп төндiретiн қоғам дертіне айналып отыр.
ҚАЖ Департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесiнде  жемқорлықтың алдын алу мақсатында ауысым қызметкерлері арасында  мекеменiң кадр саясат бөлiмшесiнiң аға инспекторы әдiлет лейтенанты Қылыш Аңламасұлы жас қызметкерлердi жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл әрекетті дамыту туралы түсіндірмелі дәріс өткізді.
Дәріс  барысында аға инспектор Қ.Аңламасұлы ҚР Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес жемқорлықтың алдын алу және оны жою жолында күрес шаралары өз жалғасын тауып жатқанын, осы орайда, қоғамның барлық күш-жiгерiн бiрiктiрiп, аталған дерттің одан әрi өршуіне жол бермей, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қарсы тұpy — бүгiнде маңызды мәселе болып отырғаны, яғни жемқорлықтың алдын алу — ең әуелі жас кызметшiлердiң ел алдындағы азаматтық борышы екендiгiн айтып өтті.