Жапонияның «ақ алыптары» немесе Juhyo

Жапонияның «ақ алыптары» немесе Juhyo
Жапонияның «ақ алыптары» немесе Juhyo

Мыңдаған ірілі-ұсақты аралдар архипелагында орналасқан Жапонияның табиғаты да ерекше әрі сұлу. Онда мұхиттан бөлек тау мен жазық дала да, шөл де көл де, ну орман да бар. Әсіресе соңғысы жыл мезгіліне қарай түрліше құбылып тұрады. 

Мәселен, Жапонияның орталық бөлігінде Зао (Juhyo) орманы бар. Зао – ғасырлар бойы жайқалып тұрған алып қарағайлы орман бұл. Бұл маңға туристер әсіресе қыста өте көп ағылады. Өйткені ондағы климатқа байланысты әлгі алып аңғаштар қыста «ақ алыпқа» (снежные монстры) айналып шыға келеді.  Қалай дейсіз ғой? Мұның еш тылсымы немесе құпиясы жоқ. Сібірден ысқыра соққан салқын желге теңізден ескен ылғалды ауа қосылып, әлгі шыршаларды ақ қармен орап тастайды. Бұл тек қар молырақ жауғанда ғана болатын табиғи құбылыс. 

Әрине, «Біздің Алматыда да ондай қарағай, алып шыршалар, қар да ылғал да бар еді ғой» деулеріңіз мүмкін. Бізде Сібірдікіндей жел жоқ және ауа құрамындағы ылғал да тұрақты емес.
Жалпы, жапон жерінде мұндай қыста ақ қардың құрсауында қалатын ормандар бұл ғана емес. Тек туристердің баруына ыңғайлы, қанатты жолдары тартылған, шаңғы спортына қолайлы орманы осы Зао ғана.