Жамбыл ауданында ревакцинациядан 26441 азамат өткен

Жамбыл ауданында ревакцинациядан 26441 азамат өткен

Коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл болудың жолы – вакцина қабылау. Бұл – әлемдік сарапшылардың тұжырымы.

Бүгінде елімізде індеттің етек алуы біршама тоқтағанымен вакцина маңыздылығы жойған жоқ. Өкпеден қысқан індетке қарсы екпе егу шаралары өз жалғасын табуда. Бастысы – тұрғындар, ата-аналар мен жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде.

Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруковтың айтуынша, өңірге «Pfizer» екпесінің 21690 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компоненттің 8166 дозасы, екінші компонентінің 7850 дозасы егілген. Ал бала емізетін аналардың 1224 бірінші компонентті, 1089 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің 459 бірінші компонентті, 397 екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан 402 ана өткен. Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 831 «Pfizer» вакцинасын ектірген. Екпе ектіру жұмыстары ауданға қарасты ауылдық округтегі емдеу орталықтарында жүзеге асырылуда. Ал, коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында «Pfizer» екпесінен бөлек, «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда. Айталық, бірінші компонентті 39569 азамат ектірсе, екінші компонентті 38269 азамат қабылдаған. Ал ревакцинациядан 26441 азамат өткен.