Жаңа әкім жұмысын қайырымды амалдардан бастады

Жаңа әкім жұмысын қайырымды амалдардан бастады
Жаңа әкім жұмысын қайырымды амалдардан бастады

Жуырда ғана Қарасу ауылдық округіне әкім болып сайланған Мади Жанұзақов игілікті істерге де ден қойды.

Бүгін ауыл әкімінің бастамасымен «Елім аманат», «Кислород SOS Тараз-2020», «Елге көмек» және «Тараз жігіттері» қайырымдылық қорларының демеушілігімен Қарасу ауылдық округіндегі аз қамтамтылған және көпбалалы 34 отбасыға азық-түлік жинағы таратылды. 

Сонымен қатар қайырымдылық қорлары Ащыбұлақ ауылындағы «Тоқберген ата» мешітіне дыбыс күшейту құрылғыларын алу үшін 200 мың теңге қаражылай қолдау көрсетті.

Бұл туралы округ әкімі Мәди Жанұзақов:

- Округтің жай-күйімен толықтай таныстым десем де болады. Бүгін округіміздегі барқатар отбасыларға қолдау білдірдік. Әрине, таразыда салмағы ауыр амалға қайырымдылық қорлары толықтай қолдау көрсетті. Округімізге арнайы келіп, 1млн 200 мың теңгені сауапты амалға жұмсады.  Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сауапты амалдарға бейіл беріп жүрген азаматтарға округ тұрындары атынан алғысымды білдіргім келеді, - дейді Мади Жарылқапбайұлы.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі