ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАР АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай айтты. Ол әлеуметтік бағыттағы 1 030 жұмыс орнына 307,7 миллион теңге жұмсалатынын айтып, жастар практикасына жолданатын 1 425 орынға 661 миллион теңге бөлінгенін жеткізді. 

Басқарма басшысының орынбасары 2022-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында биыл Жамбыл облысына 7 540,6 миллион теңге бөлінгенін жеткізді. Жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 9 365 адам тартылса, 4 404-і тұрақты жұмысқа орналасқан.

Спикердің айтуынша, қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарында 1 241 тұрғынды оқыту үшін 183,7 миллион теңге қаралса, кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2 630 адамға 2 555,6 миллион теңге грант беру жоспарланған.

«Ақылы қоғамдық жұмысқа 4 434 адамды тарту қажет болса, әзірге 3 616 тұрғын жолданған. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы 14 жасты, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы 1 азаматты еңбекпен қамтыдық, – деді Кенжебек Мамашбайұлы 

Сондай-ақ өңірде 4 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Жұмыс орындар жәрмеңкесіне 85 жұмыс беруші мек еме басшылары қатысып, 652 бос жұмыс орнын ұсынды. Оған 618 жұмыссыз қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан жұмыссыздар ішінен 76 адам тұрақты жұмысқа тартылып, 15 адам ақылы қоғамдық еңбекке, 29-ы жастар тәжірибесіне жіберілді. Осындай шаралардың нәтижесінде, жастардың жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрады.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ