Тоқаев Путинмен қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумының панельдік сессиясы барысында Ресей президенті Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

"Иә, ол (Владимир Путин - авт.еск.) - әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы. Өз елімнің Президенті ретінде Путинмен тығыз қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын", - деді Мемлекет басшысы Bloomberg Television жүргізушісі Манус Крэннидің сұрағына.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы жеке әңгімеде Қазақстанның Донецк пен Луганск мәселесі бойынша ұстанымы туралы айтқан сөзіне ешқандай реакция білдірмегенін мәлімдеді.