«Ауыл аманаты»: 4 мыңнан аса жамбылдықтың жобасы қаржыландырылды
Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында 500 шағын кәсіпорын ашылады деп күтілуде. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды arainfo.kz