Су ресурстары тиімді пайдаланылады
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Алматы облысында «Ауылшаруашылығын тұрақты дамыту: су ресурстарын тиімді және қауіпсіз басқару» тақырыбында «Егінжай күні» ғылыми-практикалық семинарын өткізді. Іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған делегация қатысты.