Атом реакторлары – әртүрлі сала үшін қажеттілік
Соңғы кезде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі үлкен маңызға ие болып, халық арасында қызу талас туғызуда. Ел тағдырына бейжай қарамайтын жандар, зиялы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері өз ойларын ашық айтуда. Мәселе өте күрделі. Сондықтан көпшілік әлі де болсын екіұдай пікірде.