СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ТАҒЫ БІР ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ТАҒЫ БІР ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Cурдлимпиада ойындарында тағы бір ел намысын қорғаған жамбылдық спортшы жүлдеге қол жеткізді. 

78 килоға дейінгі салмақта белдескен Анна Краморова дзюдодан Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдесін иеленді. Айта кетейік бұған дейін, төртжылдықтың басты спорттық бәсекесінде

Кара Оглы Фериде дзюдодан 48 килода қола жүлде еншілесе, Эвелина Егембердиева 57 килода 5 орынға табан тіреген болатын. 

Аталған додада ұлттық құрама сапында  Жамбыл облысынан 13 спортшы, 6 спорт түрінен сынға түсуде.