Спорт шебері И. Жұмайды еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті

Спорт шебері И. Жұмайды еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті
Спорт шебері И. Жұмайды еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті

28-30 сәуір күндері Меркі ауданы, Меркі ауылындағы №20 балалар-жөсөсіпірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Илияс Жұмайды еске алуға арналған еркін күрестен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. 

Турнир жүлдесіне 38 кило, 41, 44, 48, 52, 57, 62, 68, 75, 85 кило салмақтарда 383 спортшы таласты. Жалпы, балуандар бәсекесіне көршілес Өзбекстан мемлекетінің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары, сонымен қатар спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың жассөпірім бозкілем шеберлері бақ сынады. 

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Алматы облысының құрамасы жеңімпаз атанса (5 алтын, 5 күміс, 5 қола), екінші орын өзбекстандық балуандарға бұйырды (2 алтын, 1 күміс 2 қола). Үздік үштікті жарыс қожайыны Жамбыл облысы (2 алтын, 5 қола) түйіндеді.