Шуда 9 жасар екі баланы зорлады деген күдікті мешіт қызметкері емес – ҚМДБ (ВИДЕО)

Жамбыл облысында екі жеткіншекке жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппын ұсталған күдіктінің мешіт қызметіне қатысы жоқ, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың Шудағы оқиғаға қатысты бейне хабарламасына сілтеме жасап.

«Жаңалықтарда жасөспірімдерге озбырлық көрсетті деген айыптыны имамның көмекшісі деп жатыр. Мен Жамбыл облысының бас имамы ретінде танымайтынымды және мешіттеимамдық қызмет атқармайтындығын сіздерге айтқым келеді», - делінген видеода.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдікті Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылында 1992 жылы дүниеге келген, еш жерде жұмыс істемеген. 

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігі мешітке түрлі адамдардың келіп-кететінін еске салады.

«Облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті БАҚ-тың жоғарыда аталған ауыл тұрғынын мешіт көмекшісі деп айтқаны шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейді. Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылы 23 қазанда жарық көрген «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері ережесіне сәйкес «мешіт көмекшісі» деген лауазым жоқ», - дейді аталған ведомстводан.

Айта кетсек, кеше Шуда 9 жасар екі балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталды.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 30 жастағы айыпты 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген.