ШЫНДЫҚПЕН СУАРЫЛҒАН ҚАЛАМ

ШЫНДЫҚПЕН СУАРЫЛҒАН ҚАЛАМ
ШЫНДЫҚПЕН СУАРЫЛҒАН ҚАЛАМ

«Махаббат қызық мол жылдар» романымен күллі қазаққа аты мәлім жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына биыл 100 жыл толады. Көпшіліктің есінде Ербол мен Меңтайдың шиыршықталған бұралаңы көп тағдыры, шынайы махаббаты арқылы қаламгердің аты өшпестей болып қалғаны рас. Жазылғанына жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де әлі маңызын жоймаған туынды оқиға желісін қызықтыра отырып баяндаумен ғана шектелмей, кешегі күндерден хабар беріп, жастарға тәлім беруімен де құнды. 

Әзілхан Нұршайықовтың өміршең туындыларымен қоса ұлдарға, қыздарға арнап айтқан өнегелі өсиеттерімен де халқының жадында мәңгілік сақталары сөзсіз. Жазушының биылғы мерейтойына орай жуырда М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты өткізген «Шындықпен суарылған қалам» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» әзілхантанушы ғалымдар тұлғаның жан-жақты қырын ашатын мол мәлімет берді. Сондағы мағлұматтарға сүйенсек, Ә.Нұршайықов жазушы ғана емес, тәлімгер, ұстаз. Мәселен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәл има Қал қа ба ева Әз іл хан Нұршайықов прозасының поэтикасы жөнінде былай дейді.

– Қазақтың көрнекті қаламгері, Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовты әдебиетіміздің алыбы деп санаймын. 60-70-жылдары прозалық шығармалары арқылы ид еал д ық көркемдік жаңа сипаттағы ерекшеліктерімен дара поэтикалық қуат алып келген жазушы Ә.Нұршайықов болғандығын қазақ оқырмандары ғана емес, жалпы кеңестік одақтың әдеби қауымы мойындаған. Ә.Нұршайықовтың дара қолтаңбасы мен шығармашылық тұлғасын тану үшін біз академиялық өмірбаянынан бастап, жазушылық зертхан асын ың қырл арын а, суреткерлік шеберлігіне үңіліп, дәлелді әдеби талдаулармен тұжырымдап, шығармаларына объективті баға беруге тиіспіз. Өйткені жалқыны танымай, жалпыны тани алмаймыз. Әз-ағаңның болмысын, өзіндік қолтаңбасын таныту үшін жазушы шығармаларының поэтикасына шолу жасауымыз керек. Өмір жолы мен қызмет еткен жылдары Әз-ағаңның тағдыры мен халық басына түскен қиын сындармен тұспа-тұс келді. Сондықтан да жазушының шығармаларында ең алдымен сол заманның лидері, замандастарының асқақ та қайсар рухты бейнесі көрініс табады. Және жан сарайы көрікті, адамгершілікке толы бейнелерді біз Ә.Нұршайықовтың шығармаларын оқығанда көз алдымызға елестетеміз. Ә.Нұршайықов публицистикадан көркем прозаға бет алғаннан-ақ адамгершілік мәселесін шығармаларының басты діңгегі еткенін аңғарамыз. Болмысынан гуманист жазушы қандай тақырыпта қалам сілтесе де өз идеясының түпқазығын осы адамгершілікке әкеліп тірейді. Расында да адамгершілік мәселесін қозғамайтын шығармалар кемде-кем. Алайда Әзілхан Нұршайықов өз дүниетанымы тұрғысынан оны жаңаша бір әдіс-тәсілдермен шеше біледі. Осы бір өмірлік мәнді мәселені нақты деректермен, ғұмырлық ащы тәжірибені ұсына отырып, көркем шығармаға айналдырады. Мұнысы шығарманың өнегелік, тәрбиелік жақтарын да арттырып отырады. Оның алғашқы тырнақалды туындыларынан бастап, қай жанрда жазылған шығармаларын алсақ та жазушы өзі көріп, басынан өткерген немесе замандастары куә болған жайларды суреттейді көбіне. Мәселен, бәріңізге танымал «Ақиқат пен аңыз» роман-сұхбаты, «Тоғыз толғау» повесі, «Майдан жазбалары», мұның бәрі де тарихи деректер құжаттары негізінде жазылған, – дейді С.Қалқабаева.

Ал жазушының ұлттық тәрбиеге ден қойып, жас ұрпақ тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі турасында «Сырдария» университетінің ғалым-хатшысы, жоғары оқу орындарының үздік оқыт ушысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Ләззат Абенова Әз-ағаңның өз шығармаларында ұлттық тәрбиеге баса мән бергенін айтады.

Ұлттық тәрбие – барлық құндылықтың бастауы. Қазіргі жаһандану процесі кезінде ұлттық тәрбие салтын сақтаудағы күрес бізде жүріп жатыр. Әз-ағаңның қай шығармасын алсақ та ұлттық тәрбиеге тұнып тұр. Одан бөлек, ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес етіп жазғандары бір төбе. Мысалы, «Ұлдар! Алдымен сөзімді сендерге арнаймын» деп бастап, ер балаларға жамандықтың бастауы болатын арақтан аулақ болып, қасында жүрген қыз баласын құрметтеуді баса айтады. Ал бойжеткендерге «Қыздар! Жандарыңда жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттердің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттеріңмен бұйдалап алып, оларға айтқандарыңды істетіңдер: арақ ішкізбеңдер, айғайға жуытпаңдар... Өйткені қыз жетектесе ілеспейтін, қыз қиылса көнбейтін жігіт жоқ бұл дүниеде. Өйткені ақыл анадан тарайды, адамгершілік әйелден басталады, қыздан – қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Өздеріңе табиғат сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда қаумалап жүрген жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар» деп, отбасының берік діңгегі махаббат пен әйел адамның ақылына тікелей байланысты екенін ұғындырады. Міне, Ә.Нұршайықов тек жазушылықпен ғана шұғылданбай, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне де үлес қосып өтті өмірден, – дейді филология ғылымдарының кандидаты Л.Абенова.

Нұршайықовтың шұрайл ы шығармаларымен кешегіні танып, болашаққа айқын бағыт алуды мақсат еткен шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш Ә.Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» атты романына аз-кем тоқталды.

 Бүгінгі күннің көрнекті жазушысы Ә.Нұршайықовтың екі кітаптан тұратын «Мен және менің замандастарым» атты өмірбаяндық романын қазақ мемуаристкасының кейінгі үлгілерінің бірі ретінде қарастырудың қисыны әбден келіп тұр. Аталған туындыда жазушының саналы ғұмырының маңызды деген кезеңдері түгел қамтылған.

Бұл шығарма негізінен екі түрлі көркемдік ерекшелігімен назар аударады. Оның біріншісі мазмұнына қатысты болса, екіншісі оның жазылу пішінінде, яғни композициялық құрылымында. Талдау барысында алдымен шығарманың бірінші өзгешелігін ашып көрсетуге тырысайық. Ол үшін мемуаристканың бұрын салынып қойған таптаурын үлгісі қандай болушы еді деген  сұрақтың төңірегінде азды-көпті ой қорытудың артықшылығы жоқ. Осы арада жазушы Қ.Жұмаділовтің: «Мемуар – біздің әдебиетте кенже қалған жанр. Мұнда болған нәрсені бүкпей айту – басты шарт десек, оған кеңестік дәуірде екінің бірі тәуекел ете алған жоқ» деген пікірінде жан бар екендігін қадап айтқан жөн.

Әңгіме өзегі етіп алған кейіпкерінің қызықты деп білген оқиғаларын әңгімелей отырып, автор ара-арасында өз өмірінің бұрынғы шақтарына шегініс жасап отырудың да қисынын келтіре алады. Сөйтіп осындай шегініс тәсілімен екі кітаптың да өн бойында автордың бұрынғы өткен жылдарына шолулар жасалады, маңызды деген оқиғалар мен эпизодтар нақтырақ әңгімеленіп, тараудан-тарауға көшкен сайын мемуар жанрына тән нышандар молыға береді. Яғни оқиғалардың мазмұнына өз өмір жолдарын икеммен қиыстыра енгізуінің арқасында, автор мемуарлық романға қажетті деген негізгі көркемдік компоненттерін сыналай енгізумен болады. Екі кітаптан тұратын роман аяқталған сәтте оқырман да автордың бүкіл ғұмырына шолу жасап шыққандай әсерде қалады. Міне, осындай өзіндік ерекшелігі бар жазушының өнер жолындағы, шығармаларындағы қыр-сырын кейінгі ұрпаққа жеткізуге тиістіміз. «Шындықпен суарылған қалам» атты «дөңгелек үстелде» біз осыны көздедік. Бұл республикалық деңгейде ұйымдастырылғандықтан еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан ғалымдар, қаламгерлер, журналистер Ә.Нұршайықовты өздерінің танымымен бейнелей баяндады. Бұл тек осы жиын күйінде ғана қалмайды, осында ортаға салынған пікірлер жастарға да жеткізіледі. Біз осылай қазақ әдебиетінің өрлеуіне күш саламыз, – деді Н.Ақыш.

Әдебиеттің өрлеуі – халық мәдениетінің өсуі, болашаққа нық қадам басуының кепілі. Ұлттың өркендеуіне, елдің дамуына еңбек еткен тұлғаларды тек мерейлі жастарында ғана еске алмай, әрбір істе оның өнегесін көптің есіне салып отырсақ, ұтарымыз көп болар еді.

Қамар ҚАРАСАЕВА