Ресейлік банктердің Қазақстандағы есепшоттарында 9,2 млрд теңге бұғатталды

Ресейлік банктердің Қазақстандағы есепшоттарында 9,2 млрд теңге бұғатталды

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі inbusiness.kz- ке сілтеме жасап.

"Банктердің мәліметінше, бұл банктік шоттарда жалпы сомасы шамамен 9,2 млрд теңге бұғатталған. "Сбербанк" АҚ ЕБ үшін - 2,7 млрд теңге, "Альфа-Банк" АҚ ЕБ үшін - 6,2 млрд теңге, Банк ВТБ АҚ еншілес ұйымдары үшін ( Қазақстан) – 0,3 млрд теңге", - деді Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, шетелдік банктер "Сбербанк" АҚ ЕБ жекелеген клиенттері үшін 2,9 млрд теңге сомасында шетел валютасындағы төлемдерді бұғаттады.  "Альфа-Банк" АҚ ЕБ клиенттері үшін жеке клиенттер үшін 3,9 млрд теңге сомасында шетел валютасындағы төлемдер мен аударымдар бұғатталды.

"Қазіргі уақытта оның жаңа акционері "Банк ЦентрКредит" АҚ АҚШ пен басқа да бірқатар елдердің санкциялық тізімінен шығару бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Оларды төлеу шеңберінде қаражатты бұғаттау фактілері тіркелген жоқ", - деп жазылған жауапта.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Сбербанк" АҚ және "Альфа-Банк" АҚ-ның еншілер қаржы ұйымдарына шетел банктері қайтарған қаражат сомасы туралы ақпарат жоқ.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметіге сүйенсек, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Сбербанктің, Альфа-Банктің және ВТБ еншілес ұйымдары елдегі 22 банк арасында активтерінің көлемі бойынша тиісінше 4, 11 және 13-орындарда.