«ЛИЗИНГКЕ ТЕХНИКА ҚОСЫМША КЕПІЛЗАТСЫЗ БЕРІЛЕДІ»

«ЛИЗИНГКЕ ТЕХНИКА ҚОСЫМША КЕПІЛЗАТСЫЗ БЕРІЛЕДІ»

Ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңаруы шаруалардың лизингке техника алуымен тікелей байланысты. Ал еліміздің лизинг нарығында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының көшбасшы қаржы ұйымы екені баршаға аян. Облыстың ауыл шаруашылығы с аласындағы техника мен жабдықтарының лизинг бойынша қаржыландырылуына қомақты үлес қосып отырған «ҚазАгроҚаржының» жұмыс жүргізу ерекшеліктері қандай? Қаржы ұйымының лизинг нарығындағы басқа компанияларға қарағанда артықшылығы неде? Жетістіктері мен жоспарлары қандай? Біз осы жайында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалының директоры Жанар Исмайлова-Есжановамен сұхбаттасқан едік.

– Жанар Шаймерденқызы алдымен филиалдың ағымдағы жылға арналған қаржыландыру жоспарын білсек...

– Бәрімізге белгілі, аграрлық салаға көптеген қаржы ұйымдары қаражат салуға тәуек ел ете бермейді. Өйтк ені берілген қаржының кері қайтпай қалу қаупі жоғары. Әрбір банк мұндай бизнесті қаржыландыруға құлықсыз. Заман талабы – бәсекелестік. Бәсеке бар жерде сапалы жұмыс та атқарылады. Соңғы жылдарда ауыл шаруашылығы техник асы мен жабдықтарын жаңарт уд а «ҚазАгроҚаржы» компаниясы көшбасшы ұйымға айналды десек, артық айтқанымыз емес. Біздің компания сапалы және бәсекеге қабілетті лизингтік қызметтер көрсетеді және еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің лизинг нарығында иеленетін үлесі ауқымды. Тарқата айтқанда, еліміз бойынша лизингке техника беруде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының 60-70 пайыз үлесі болса, оның ішінде 90 пайызы ауыл шаруашылығы техникасына қатысты.

Өткен жылы компания еліміз бойынша 141,6 миллиард теңге с омасына техник аны қаржыландырды. Ал облысымызда филиал арқылы лизингке берілген техника 3,1 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Шаруалар бізден лизингке 250-ден астам техника сатып алды. Бүгінгі таңда филиалдың қазіргі қарыз алушыларының саны 440-тан астам кәсіпорынды құрап отыр.

Биылғы жылы біз облыс бойынша агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін кемінде 3,5 миллиард теңге сомасына лизингтік қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл біздің филиал үшін шекті сома емес. Жалпы республикадағыдай өңірде де машина-трактор паркінің тозғаны байқалады. Аналитикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда өңірдегі шаруашылықтардың үштен екісі техниканы өз қаражаты есебінен сатып алады. Дегенмен де техниканы лизингке сатып алу шарттары өте ыңғайлы және тиімді. Біз бұны фермерлердің назарына жеткізгіміз келеді.

– Лизингтің ыңғайлылығы неде?

– Лизинг біздің акционерлік қоғамның негізгі қаржыландыру бағыты. Яғни біздің барлық атқарып жатқан жұмысымыз лизингтік қызметті сапалы ұсынуға бағытталған. Бүгінгі таңда біз аграрлық сала үшін ауыл шаруашылығы техникасының, арнайы техника мен көлік құралдарының лизингін қаржыландырамыз. Сонымен қатар мерзімі де ұзақ. Жалпы алғанда лизингтің ең ұзақ мерзімі техниканың түрі мен құнына байланысты 10 жылға дейін барады.

Бізде негізгі борышқа 1 жылға дейін жеңілдікті кезең бар. Жылжымайтын мүлік және тағы да басқа түрінде ешқандай кепілзат қажет емес. Кепілді бағалауға тапсырыс берудің, оны тіркеудің және толған бюрократиялық процедуралардан өтудің қажеті жоқ.

Негізгі қарызды жылына 1 рет, ал сыйақыны тоқсанына 1 рет төлеуге бол ад ы. Ауыл шаруашылығы маусымдық бизнес болғандықтан, мұндай өтеу кестесі өте ыңғайлы. Сонымен қатар мемлекет техниканы сатып алуға айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетеді. Осылайша бізде аванстық төлемнің мөлшері лизинг нысанасы құнының 15 пайызын құрайды. Бұл ретте клиенттерге техника құнының 25 пайызына дейінгі мөлшерде бюджетпен бөлінетін инвестициялық субсидиялар есебінен аванстық төлемді төлеу мүмкіндігі беріледі.

Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 17 пайызды құрайды. Оның ішінде мемлекет 10 пайызын өтейді, яғни клиент іс жүзінде 7 пайыз ғана төлейді. 

Кредиттік-лизингтік қызметті жетілдіру мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізуде. Шаруалар үшін неғұрлым тиімді және икемді шарттармен, сондай-ақ өтінімдерді қараудың жеделдетілген рәсімдерімен арнайы қаржыландыру ұсыныстары жасалған.

– Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыс шаруалары үшін қандай ыңғайлы бағдарламалар мен өнімдерді ұсына алады?

– Бағдарламаның шаруаларға ыңғайлы бірнеше түрі бар. Соның бірі – «Экспресс-лизинг» қызметі. Онда барынша қысқа мерзімде, яғни 7 күннің ішінде құны 150 миллион теңгеге дейінгі техниканы лизингке алуға болады. Бұл бойынша ең аз құжаттар пакеті негізінде табысты растаусыз, бизнес-жоспар мен қаржылық есептілік ұсынбай-ақ шешім қабылданады. Талдау сала мен өңірдің тәуекелдерін көздейтін скоринг моделі негізінде жүзеге асырылады. Бұл көрсетілетін қызмет бойынша клиенттің жеке кабинетін құру және мемлекеттік органдардың («ПКБ» ЖШС, «ГКБ» ЖШС сияқты) дерекқорымен біріктіру жолымен өтінімдерді қабылдау және қарау процесін автоматтандыру бойынша жұмыс белсенді жүргізіледі.

Бұдан бөлек «Шебер-лизинг» қызметінің шеңберінде клиенттің 1 жылға қаржыландыру лимиті бар желі ашуына мүмкіндігі бар. Оның аясында лизингтік қызметке бір жыл ішінде жүгінген кезде клиент құжаттардың толық топтамасын қайта жинамай және өтінімді қарау рәсімдерінсіз, тек қана өтінім берсе жеткілікті. Бұл лизинг шарттарын жасасу рәсімін 2 күнге дейін жеделдетуге мүмкіндік береді. 

Жалпы, лизингтік жүйенің негізгі басым шарттары – техниканы кепілсіз, комиссияларсыз, жеңілдікті кезең ұсына отырып, ұзақ қаржыландыру мерзімдерімен беруге негізделгенін тағы да атап өткім келеді.

Шаруалар сырттан келетін ауыл шаруашылығы техникаларының, оның ішінде комбайндардың бағасы тым қымбат екенін айтады...

– Бұл сұрақ бізге тікелей қатысты емес. Десе де ақпарат үшін жауап бере кетейін. Жалпы, жұртшылықтың «шетелден келетін комбайндардың не болмаса басқа техниканың бағасы қымбат» дейді . Негізінде техникаға бағаны біз қоймаймыз. Бағаны техниканы жеткізіп беруші к омпания белгілейді. Ал біз қаржы институт ретінде лизингке берілетін техниканы шаруаларды қаржыландырумен айналысамыз. Бұл жерде, техниканың бағасына ықпал ететін бірнеше факторлар бар, оның ішінде – доллардың тұрақсыздылығы, утильдік алым-сал ықтың мөлш ері, метал л бағасының өсуі және т.б. Тарқата айтсақ, өткен жылға қарағанда доллардың бағасы өскені баршаға мәлім. Сондықтан шетелден келетін техникалардың бағасы бұрынғыдан артса, оған доллардың көтерілуі әсер етіп отыр деуге толық негіз бар. Сонымен қоса қазіргі таңда аграрлық қоғамдастықпен шетелден келетін техникаға утильдік алым мүлде ұсталмаса, бұл да шаруалар үшін үлкен жеңілдік болатыны туралы талқыланып жатыр. Бұл бағытта, Үкіметпен бірінші қадам ретінде, ағымдағы жылдың 1 мамырдан бастап утильдік алымды 50% төмендетеді. Әрі қарай да, біздің фермерлерге жеңілдіктер болатынын үміттенеміз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Нұрым СЫРҒАБАЕВ