«LADA» компаниясы өндірісін тоқтатады

«LADA» компаниясы өндірісін тоқтатады

Ресейлік «Lada» компаниясы жұмысын толықтай тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы саясаттанушы Асхат Қасенғали "Telegram" парақшасында мәлім етті.

"Батыс санкциясының соққысы дөп тиіп, Ресейдің әлемет қылып мақтайтын автопромы - "LADA" өндірісін толықтай тоқтатып жатыр екен. Себеп - аталған автоконцерн Батыстан келетін қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға тікелей тәуелді" деді телеграм каналында.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын "АвтоВАЗ" компаниясы Тольятти мен Ижевск зауыттарының жұмысын уақытша тоқтатуға шешім қабылдаған. Ал "АвтоВАЗ"-дың еншілес компаниялары - "Лада-Имидж" пен "Лада-Сервис" өз жұмысын жалғастыра береді деп мәлімдеген еді.