Кәсіпкерлікті қолдау-міндетіміз

Кәсіпкерлікті қолдау-міндетіміз

Кәсіпкерлік-ел экономикасының қозғаушы күші.Сондықтан да кәсіпкерліктің ілгерілеуіне қолдау жасау-жұмыссыздық мәселесінің оңтайлы шешімі болмақ.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылғы мәлімдемесі бойынша отандық бизнесті дамыту,кәсіпкерліктің бастауына тосқауыл қоятын жемқорлықты жою,еркін бәсекелестікті демеу,халықты жұмыспен қамту секілді өзекті мәселелер алға қойылып,жаңа үкіметке арнайы тапсырмалар берілді.Қазіргі таңда Жамбыл облысында шағын орта бизнес субъектілерінің саны 74 686 бірлікті құрап,өңірлік кеңесі 28 бизнес өкіліне артқан.

Осы орайда Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында  Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұралы Ергебаев пен Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Абдыкадыровтың қатысуымен Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының қаңтар-мамыр айларында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Облысымызда 2000-нан астам өндірістік компания жұмыс атқарады.«Қазфосфат» ЖШС, «Әулие ата Феникс» ЖШС, «Талас Investment Company» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Бурненская молочная компания» ЖШС секілді өңірлік компаниялар көршілес мемлекеттерге тауарларын экспорттайды.«Атап айтқанда, Иран Ислам Республикасының Бас консулымен, Литва Республикасының елшісімен, Өзбекстан Республикасы делегациясымен, Тәжікстан Республикасының елшілігімен, Түркиядан, Франция кәсіпкерлерімен іскерлік кездесулер жүргізілуде», - деді спикер Нұралы Ергебаев.
 
Президент тапсырмасы бойынша ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке баулып,жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздықтың алдын алып,отандық өнімнің санын арттыру мақсатында «Атамекен «Тараз» ШҚҰ қолдауымен «ECO Chicken» құс фермасы жобасы іске асырылуда.

Әйел-қырық шырақты” демекші,тіршіліктің тірегіне айналып,отбасының ұйытқысы болып жүрген әйелдер қауымы да кәсіпкерлік бағытта әлжуаздылық танытпай,ауқымды жұмыстар атқарып келеді.Спикер Айдар Қайнарұлының айтуынша,барлық санаттағы нәзік жандылардың кәсіпкерлік жолындағы мансабын қолдау мақсатында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.Кәсіпкерлікке деген сұраныстың артқанына тағы бір дәлел- облыс бойынша кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы 2022 жылы 1 421 кәсіпкерлік субъектілеріне 2 855 консультация берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 15% - ға артқан.
 
Қазіргі ақпараттық қоғамда мамандықтардың саны еселеп артқанымен,екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандар қаншама?!Қорытынды деректер бойынша, облыстың 3 567 кәсіпорнынан кадрларға қажеттілік бойынша 1602 адам сауалнамадан өтті, оның ішінде 961 ұйым кадрларға қажеттіліктің бар екенін атап өтті.Ағымдағы 4 жылға 9,3 мың маман сұраныста.Айталық,17 сала бойынша маман тапшылығы байқалады.
 
Жастарға кәсіпкерлік сана мен еңбекке деген құштарлықты ояту,теория деңгейін практикаға айналдыра білуге тиімді жағдай жасау -сүбелі іс.Жұмыссыздыққа қарсы іс – жастар кәсіпкерлігінің тұманды болашағы.
 

Ажар НИЯЗБЕКОВА, 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің III курс студенті