ЕРІКТІ ЖАСТАР ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚҰШТАР

ЕРІКТІ ЖАСТАР ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚҰШТАР

Қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары елімізде жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда.

Біздің облыста да волонтерлік қауымдастықтар аз емес. Соның бірі – «Қазақстан волонтерлер лигасы». Қазіргі таңда қозғалыстың бір филиалы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде де жұмыс істейді. Ұйым жастары «мен қоғамнан не аламын емес, мен қоғамға не бере аламын» деген принциппен мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қарт кісілердің үй шаруасына жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетуде. Одан бөлек әртүрлі жәрмеңке, акция, квест ойындарын өткізеді. 

М.Х.Д улати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі «Қазақстан волонтерлер лигасы» былтыр тәуелсіздіктің 30 жылдығын кең көлемде атап өту мақсатында ізгі жобаларға басымдық беріпті. «Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, батырмын деп мақтанба, барып қайтпай» деген ұстанымды тұтқа еткен еріктілердің абзал істері үлкен құрметке ие.

– Ерікті жастар «Бала – біздің болашағымыз» жобасы аясында «Қамқор жүрек» қайырымдылық үйіне барып, көңілі жарымжан балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Онымен қоса мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленіп жатқан мектеп-интернатта болып, қиын жағдайдағы аналарға да қол ұшын созды. Сонымен қатар «Менің арманым» кооперативтік қорымен бірлесе отырып, алты жасар Көркем есімді қыздың арманын орындауға атсалысыпты. 

Былтыр Байзақтағы жарылыс кезінде де халыққа көмек көрсету және бүлінген нысандарды қалпына келтіру барысында волонтерлердің атқарған жұмыстары аз емес. Жастар қиындықтардан қорықпай, сын сағатта халыққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. 

Сонд ай-ақ университет волонтерлері облыстық полиция департаментімен, «Жасыл Ел-Тараз» мекемесімен бірлесіп акция өткізді. Наурыз мерекесіне орай «BAURSAK PARTY» акциясын ұйымдастырдық.

Жыл сайын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университетінің волонтерлері «Қасиетті Рамазан» атты іс-шара өткізіп отырады. Сондай-ақ былтыр студент жастар облыс әкімд ігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірге «Берекелі дастарқан» ауызашар қоржындарын таратты. Іс-шарада таратылған ыстық тағамдар «Төрткүл» керуен сарайында әзірленді. Осы игі шараны ұйымдастыруға Тараз қаласының жастар ұйымдары үлкен үлес қосты.

Волонтерлер екі апталық «Қамқор жүрек» жобасын жүргізіп, одан басқа түрлі салалық рейдтерге қатысты. Сондай-ақ Тараз өңірлік университеттің волонтерлері үнемі «Өмір сыйла» акциясы аясында донор болып, қан тапсырып тұрады. Еріктілер қан тапсыру арқылы өзге біреудің тағдырын құтқара алатынына нық сенімді, – дейді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі «Қазақстан волонтерлер лигасы» филиалының төрағасы Мақсұт Шалабек. 

Осыл айша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұжымы студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың тұлға ретінде қалыптасуына зор мән беруде Қоғамдық жұмысқа белсене араласып, ерікті түрде қайырымды істер жасауға асығатын осындай көшбасшы ст уденттердің келешекте ұлтжанды азамат болып жетілері даусыз.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ